ТҮРКІСТАН: АДАЛДЫҚ — ӨМІРІҢЕ КЕРЕК ЕҢ БАСТЫ ҚАСИЕТ

«9 желтоқсан —  Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай,  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің және «Түркістан — адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің бастамасымен облыс көлемінде өскелең ұрпақты өнегелі іске бастайтын бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Айтулы күн қарсаңында облыс аумағында өткен іс-шаралардың басым бөлігі білім беру ордаларында 30 мыңнан аса жас өскелең ұрпақтың қатысуымен  өтті.
Шараның негізгі мақсаты — жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру, оларды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеп, қоғам індетінің деңгейін төмендету.
Әлеуметтік дерттің алдын-алу бағытында өткен келелі жиындарға дін өкілдері, «Адалдық елшілері», «Саналы ұрпақ», «Парасаттылық мектебі» жобалық кеңселерінің және «Әділет» клубының жетекшілері өз үлестерін қосты.
Ұлт болашағы жастарымызды игі іске бастайтын шаралар аясында қоғам дертіне қарсы сахналық көріністер қойып, мальбертте суреттер салып, сондай-ақ флешмобтар мен патриоттық сезімге толы әуезді әндер шырқады.
Сонымен қатар, шара аясында жас буынды ізгі қасиетке үндейтін бейнероликтер көрсетілді.
Жиынға қатысқан спикерлер жастарға өз- өзіне, өз еңбегіне,  қоршаған ортаға адал, әрі парасатты көзқараспен қарау — ел жетістігінің басты факторы екенін және жастар жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа дайын болу керектігін айтты.
Парасатты азамат болу — әрбір қазақстандықтың өмір сүру ісіне айналуы тиіс.
Айта кетсек, өңірдегі Халықаралық білім ордасында ізгілікпен парасаттылықтың негізі ретінде ақ көгершіндер мен 100-ге жуық даналық сөздер жазылған шарлар көк аспанға ұшырылды.
Кездесулер соңында білім алушылар әлеуметтік дерттің деңгейін төмендету үшін өз ұсыныстарын айтып, көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауаптар алды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.