НАЗАР АУДАРЫП, ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА СЫЙЛЫҚ АЛҒАН ДА, БЕРГЕН ДЕ ЖАЗАЛАНАДЫ

Мерекелер қарсаңында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті — мемлекеттік қызметшілерді, жеке және заңды тұлға өкілдерін, сонымен бірге квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін сыйлық беру мен алу «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер болып табылатынын ескертеді.

Мемлекеттік қызметші немесе оған теңестірілген тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және әдеп нормаларын сақтау, оның ішінде лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты сыйлық қабылдауға, ал жеке және заңды тұлғаларға сыйлық ұсыну заңнамамен тыйым салынады.

Қызметші білмей түскен немесе жария түрде берілген сыйлықтар алынған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде өтеусіз арнайы қорға, яғни ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшесіне немесе жергілікті атқарушы органдарға тапсырылуы тиіс.

7 күндік мерзімнің бұзылуы, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдау қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін негіз болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.