АҚШ-ТЫҢ АҚЫМАҚ ЗАҢДАРЫ

* АҚШ-тың Калифорния штатында көпшілік моншаға тыйым салынған.

* Лос-Анджелесте құрбақаны жалауға болмайды.

* Норко қаласында тұрғындардың мүйізтұмсық ұстауына тыйым бар.

* Мобил қаласында ер адамдардың көпшілік орында қасқырша ұлуына болмайды.

* Осы қалада әйелдердің биік өкшелі аяқиім киюіне тыйым салынған.

* Боулдер қаласында үйдің ауласына диванды шығарып қоюға болмайды.

* Флоридада барлық ғимараттардың есіктері тек сыртқа қарай ашылуы тиіс.

* Сисайд қаласында үйдің айналасына ақ қоршау орнатылуы тиіс. Әрбір үйдің ауласы әдемі болуға міндетті.

* Гавай штатында жол бойларында және қоғамдық орындарда жарнамалық плакаттарды ілуге тыйым салынған.

* Оверленд-Парк қаласында жерлеу рәсімінде саяси шеру өткізуге болмайды.

* Мичиган штатында қоғамдық орындарда сегізаяқпен атысқаны үшін жазаланады.

* Нью-Джерси және Орегон штаттарында адамдардың жанармайды өз бетінше көлікке құюына тыйым салынған.

* Солтүстік Каролина штатында қоғамдық ұйым мүшелерінің бірдей киюіне тыйым салынған.

* Мемфис қаласында қайыршылар қайыр сұрау үшін штат билігінен 10 долларға лицензия сатып алуы керек.

* Солтүстік Вирджиния штатында аузынан пияз иісі шығатын оқушылар мектептегі сабаққа қатыстырылмайды.

* Осы штатта көлік қағып кеткен кез-келген жануар осы көлік жүргізушісінің меншігіне айналады.

* Вашингтонда қылмыс жасау үшін штатқа келген адамдар алдымен полицияға қоңырау шалып, өздерінің қылмыстық жоспарлары жайлы хабарлауы тиіс.

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.