Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, Сенат депутаты: Үйлердің көбі апаттық жағдайда

Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр ауылдық округінде 2010 жылы 276 отбасы үшін 138 екі пәтерлі тұрғын үй салып, шетелдерден көшіп келген қандастарымызға пайдалануға берілген.

Алайда үйлердің қабырғасы қомақты қаржы бөліне тұра солтүстіктің 40 градус аязына мүлдем шыдас бермейтін гипсокартон, пеноплекс, панельден, пескоблоктан салынған. Барлық үйде дерлік іргетас жоқ. Едені ажырап кеткен. Қабырғасы өте жұқа, арасы қуыс. Тұрғындар қыста тоңып, үйде тұру мүмкіндігі болмағандықтан, туыстарының үйінде тұруға мәжбүр. Үйлерді қалпына келтіру үшін тұрғындар өз қаражатынан жылда жөндеу жұмысын жүргізеді екен. Соңғы уақытта кейбір үйлердің төбесі құлап, жөндеу жұмысын жасауға мүмкіндіктерінің жоқтығы анықталды. Үйлердің көбі апаттық жағдайда.

jasqazaq.kz

Ұқсас жаңалықтар

В.БОЖКО, Мәжіліс төрағасының орынбасары: … бiрде-бiр байланыспен қамтылмаған ауылдар бар

admin

М.БАЙДІЛДӘҰЛЫ: … сүйкiмсiз қасиеттер ұрпаққа жұғып жатқаны өкiнiштi

admin

Т.ӘУБӘКІРОВ: «Патриотизм» деген сол!

admin