ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мемлекеттік сатып алу саласы бойынша облысқа қарасты барлық қала/аудандардың аппарат басшыларымен кездесу өткізді.     

Шараның негізгі мақсаты – аппарат басшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен таныстыру және тиісті алдын алу шараларын қабылдау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың бағасын негізсіз көтеріліуіне жол берілмеуін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан қадағалау қажеттілігін түсіндіру.    

Жиында сөз алған Түркістан облыстық Департаментінің Превенция басқармасының қызметкері Нұрлан Құдайбергенов бүгінгі күні елімізде мемлекеттік сатып алу саласына 18 мыңнан астам тапсырыс беруші мен 80 мыңнан астам өнім беруші тартылғанын жеткізіп,  2016 жылмен салыстырғанда бұл салаға жұмсалатын шығындар 3 есеге артқанын және  бұл сома қазіргі кезде  6 трлн теңгені құрайтынын атап өтті.  

Кездесу  барысында квазимемлекеттік сектор жүйесінде бұл сома бірнеше есе көп екендігі және бюджет қаражатының мұндай айналымы жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататыны сөз болып,  оның дәлелі ретінде Агенттіктің күнделікті тәжірибесі аталып өтілді.      

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тіркелген әрбір алтыншы адамның фактісі — мемлекеттік сатып алу саласында тіркелгендігі тілге тиек етілді.    

 Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілген кездесу  соңында өңірдегі мемлекеттік сатып алу бағасының негізсіз көтерілу фактілері туралы мәліметтер жиынға қатысушылар назарына ұсынылды.      

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.