Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныМәдениет

МӘРТЕБЕЛІ ПОЭЗИЯ МІНБЕРІ

Шымкенттегі “Мәртебелі поэзия мінберінің” осы аптадағы кеші ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарының Құрметті азаматы Хамза Көктәндінің (Әмзе Қалмырзаұлы) шығармашылығына арналды.

Кешке қатысқан Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Р.Мыңбаев:

– 2020 жыл – қаламыз үшін айрықша жыл. Шымкент мәдени астана атанған тұста ақын-жазушыларымызды да дәріптеп жатырмыз. Осы орайда Хамза ағамыздың “Түркі теберігі” атты кітабын атап өткім келеді, — деп ізгі тілегін білдіріп, ақынға шығармашылық табыс тіледі.

Жиын барысында жастар Х.Көктәндінің өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысымен, рухани әлемімен жақын танысты. Өлеңсүйер жастар ақынның жүрегін жарып шыққан жырларын тыңдап, өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын да қойып отырды.

Айталық, Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейдің оқушылары Абай жырларын жатқа айтса, Шымкент қалалық мәдениет үйінің әншілері кеш иесінің халық арасында кеңінен танылған “Қуанышым – қазынам”, “Әттең-ай, әттең, жүрегім жалғыз” атты әндерін домбырамен нақышына келтіре орындады. ОҚМПУ студенттері Хамза Көктәндінің жырларынан әдеби композицияны ұсынса, ақынның өзі “Құлпытас”, “Көкпар”, “Ақындық” сынды оқырманға жақсы таныс өлеңдерін оқыды. Жаңа ғана жарыққа шыққан “Алтын төркін” атты қос томдығын да таныстыра кетті. Әсерлі кештен көтеріңкі көңіл күймен тараған жастардың да рухани серпіліп қалғаны анық.

Б.Кемел.

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ТӨЛЕМІ БОЙЫНША БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОР ҚҰРЫЛАДЫ

admin

Шымкент: «Бір нүктелік» рейдтік шарасы барысында 2847 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

admin

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛҒАН «БІРЛІК АЛАҢЫНДА» АЛҒАШҚЫ ДЕБАТ ӨТТІ

admin