Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Руханият

АДАМДАР НЕГЕ АЙҚАЙЛАЙДЫ?

Бір психолог ғалым дәріс беріп тұрып, оқушыларына:

«Адамдар ұрысқанда неге бір-біріне айқайлап сөйлейді? Бір-біріне жақын тұрса да сөздері естілмей қалатындай қатты сөйлейді, нелік­тен?» -деп сұрақ қояды.

Оқушылары тосыннан қойылған қызық сұраққа жауап бере алмай, тосылып қалады. Ешкім жауап бере алмаған соң, сұрағының мәнісін ғалым былай деп түсіндіреді:

«Адамдар бір-бірімен ұрысқанда жүректері бір-бірінен алшақтай түседі. Бір-бірінің арасындағы қашықтық жақын болса да, жүректері ұзақта тұрғандықтан сөздері естілмей қалатындай қатты айқайлап сөйлейді. Ерлі-зайыптылардың жүректері ұрыс шыққан сайын ұзай береді. Ақыр соңы ұзағаны сонша, қайтып бір-бірін таба алмай қалады. Сөйтіп, екі жарты бір бүтін екі жаққа айырылып кете барады. Ал жүрегі жақын ғашық жандар, байқасаңыздар, бір-бірімен жай сөйлеседі, кей кезде сыбырласып та сөйлеседі. Ал кейбір ғашық жандарға, тіпті сөздің де, тілдің де керегі жоқ. Бірін-бірі көзбен ұғысып, ішпен білісіп отырады».

Ұқсас жаңалықтар

Робин ШАРМА:  «Өмірдің 200 сабағы»

admin

ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА НЫСАНДАРЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

admin

Наурыз Қазығұрттан басталса, рухани жаңғыру Оңтүстiктен неге бастау алмасқа?

admin