ҚҰМАР ОЙЫНҒА ҚҰМАРТҚАН ӘКІМНІҢ ТӘРТІПТІК ІСІ ҚАРАЛДЫ
Аталған мәселе WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы тараған Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі Ә.Сейдалиевтің бірнеше ауылдың азаматтарымен бірге жұмыс орнында (жұмыстан тыс уақытта сағ.21-00де)карта ойнап отырған әрекеті Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.
Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшіге тән емес іс-әрекет жасау арқылы мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болып, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағандығы үшінәкім Ә.Сейдалиевке «қызметтіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану үшін жоғары тұрған лауазымды тұлғаға (Шардара ауданы әкіміне)ұсынылды.
Сонымен қатар, аталған Әдеп жөнінде кеңесте мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану тәртібін және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін жүйелі түрде сақтамағаны үшін Сайрам ауданының Қарасу ауылдық округінің әкімі Е.Бекбердиевтің тәртіптік ісі қаралып, қорытындысымен «қызметтіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану үшін Сайрам ауданы әкіміне тиісті ұсыныс енгізілді.
Сондай-ақ, аталған жиында Төлеби ауданы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің атқарған жұмысты туралы есебі тыңдалып, алдағы уақытта жұмыс барысында атқаратын нақты ұсыныстар енгізілді.