Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ЖАҢА ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

Түркістандық ерікті жастар «Судың да сұрауы бар» атты жаңа жобаны қолға алды. Басты мақсат – көпшілікті ауыз суды үнемді қолдануға шақыру.
Жоба аясында жастар мемлекеттік мекемелерге, жоғары оқу орындарына және халық тығыз шоғырланған жерлерде суды үнемдеу жолдары жазылған арнайы ескертпелерді таратты. Мейрамханалар мен дәмханалардағы қол жуатын, су тұтынатын жерлерге арнайы жадынамаларды жабыстырды.
—    Қоғамда суды үнемдеу жолдарына мән беру керекпіз. Әлемде,  жер шарында ауыз су ең үлкен өзекті мәселеге айналып келеді. Сондықтан табиғаттың беріп отырған сыйын біз тиімді пайдалану керекпіз. Су үнемдеу мәдениетін қалыптасырып, қадіріне жете білейік – дейді Жастар ресурстық орталығы КММ директорының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай.
Ерікті жастың бірі Сабина Каюмова бұл жобаға қатысуға он күн бұрын өтініш білдіріпті. Қоғамға пайдалы іске қолғабыс  етуді жастайынан меңгерген ол жаңа  жобаның берері мол деп біледі.
—    Су тіршілік көзі. Сондықтан барынша үнемдеп пайдалануымыз қажет. Біз қоғамдық орындарды аралап жоба бойынша насихат жұмыстарын жүргіздік. Көпшілік жақсы қабылдауда. Күтіп отырған нәтижелеріміз де көп – дейді ерікті жас.

Ұқсас жаңалықтар

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты: Ондай есеп-қисаптың экономикалық негізі жоқ

admin

Шымкент: Ұялы телефонын тартып алған үшеу ұсталды

admin

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СЕЛДЕН ЗАҚЫМ КЕЛГЕН 42 ҮЙ ЖАҢАДАН САЛЫНУДА

admin