Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ, Сенат депутаты: … парламентті қолжаулыққа айналдыру тәжірибесін тоқтату керек

Қырғызстанның ЕАЭО туралы шартқа қосылуына байланысты хаттамаға өзгеріс енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Мемлекет басшылары қол қойған сәттен бері күні бүгінге дейін 1 жыл 10 ай немесе 22 ай өткен. Хаттамада көрсетілген мерзім 2019 жылы 12 тамызда аяқталды. Яғни, мерзімі өткен уақыттан бері он ай өтті. Шын мәнінде бүгін қаралып отырған құжаттың мағынасы, мәні жойылды. Ал осы заңды мақұлдаған мәжіліс, сенат техникалық рәсімдеуші ғана болып отыр. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Ә.Смайылов, жалпы үкіметтің тарапынан парламентті қолжаулыққа айналдыру тәжірибесін тоқтату керек деп есептеймін. Сіздер бізді тығырыққа тіреп отырсыздар, жол қалдырмай отырсыздар.

Осы мәселеде жауапсыздық танытқан тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жауапқа тартуды ұсынамын.

sputniknews.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.