Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныОрнықты ой, орынды сөз

Мұхтар ТАЙЖАН: … бюджетке тікелей құйылуы керек

Мұнай құны таяу арада көтерілмейді. Бірінші кезекте квазимемсектор – “Самұрық-Қазына”, “Бәйтерек”, “Қазагроны” еш жалтақсыз тарату керек. Бұл жерге «еш жалтақсыз»  дегенді неге қосып тұрмын. Өйткені бұл компанияларда депутаттар мен үлкен шенеуніктердің балалары, немерелері жұмыс жасайды, «отбасылық жем-астау» десе де болады. Сондықтан, бұл процесті осы компаниялармен байланысы жоқ адамдар ғана жүзеге асыра алады.

“Самұрық-Қазынаның” (ҚМГ, ҚТЖ, Қазатомөндірісі сықылды) табиғи еншілес-монополияларын, “Бәйтеректің” (Қазақстанның даму банкісі сықылды) еншілес компанияларын үкіметке тікелей бағындыру керек. Бұлардың жұмысын тиісті министрліктер (Энергетика министрлігі, АШМ, т.с.с.) бақылауы тиіс. Ал олардың кіріс-табыстары, із-түзсіз жойылып кететін бас холдингтерге емес, бюджетке тікелей құйылуы керек.

Мәнсіз бюджет бағдарламаларын, сондай-ақ, салық жеңілдіктерін, қажетсіз субсидияларды аямай құрту қажет, бұлар да – мемлекет қаржысын жеке қалтаға салудың қитұрқы амалдары. Бюждет қаржысын жалмаудың жылдар бойы қалыптасқан бұл жүйесін де еш жалтақсыз және аяусыз күйрету керек болады.

Abai.kz

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Бөгденің атынан несие рәсімдеп, үйін сатқызған

admin

САУРАН АУДАНЫНА 500 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТУРИСТ КЕЛГЕН

admin

АРЫС: ТҰРҒЫНДАР КӨШІРІЛІП, ТИІСТІ КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІЛУДЕ

admin