Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕНДЕР 5 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ

Облыста төтенше жағдайға қарамастан құдалық өткізіп, қыз ұзатқан, туған күн тойлатқан азаматтар 5 тәулікке қамалған. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтамағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476 «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабы бойынша 115 нысанға құқықбұзушылық туралы хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Сот шешімімен 28 тұлғаға 10 АЕК есебінде айыппұл салынып, 16 тұлға қамауға алынды.

Бұл туралы Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметі басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді. 

Сонымен қатар, ол қоғамдық орындарда азаматтар мейлінше бетперде пайдаланып, нысандар есік тұтқаларын дәке маталармен орау —  санитарлық талаптарға сай емес екенін айтты. 

         Айта кетейік, арнайы  мониторинг топтарымен дезинфекциялау шаралары күнделікті бақыланып, атқарылған жұмыстар  ақпараты ситуациялық орталыққа күнделікті ұсынылып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Республикалық «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы аясында семинар кеңес өткізілді

admin

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТІК АЗАМАТ 100 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ ТҮЛІК ТАРАТТЫ

admin

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ТИІМДІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕНІҢ» ЖҰМЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАНДЫ

admin