Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 4 МЫҢ ДАНА БЕТПЕРДЕ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Бүгінде Түркістан облысы Түлкібас ауданында медициналық бетпердеден тапшылық жоқ. Өйткені жергілікті аудан тұрғындары ерікті түрде бетперде тігу ісін қолға алып, халыққа көмек қолын созуда. Бүгін елімізде бастау алған «Мейірімді ауылдастар» акциясы аясында Түлкібас аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Тұрар Рысқұлов ауылында халық көп шоғырланатын «Халық банкі», «КазПочта», аудандық орталық емхана және бірқатар ірі сауда орталықтарында ерікті тұрғындар тарапынан тігілген 4000дана бетперде тегін таратылды.
Игі іске аудан тұрғындары ризашылдықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Бетпердені тарату жұмыстарына аудан әкімдігінің қызметкерлері ат салысты.
Алдағы уақытта дәл осындай игі істер ауданның өзге елдімекендерінде де өз жалғасын табатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРҚЫНДЫСЫ ТАБИҒАТТЫ ЛАСТАП ЖАТҚАН МОНШАЛАР РЕТТЕЛЕДІ

admin

«NUR OTAN»: ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАНЫМАЛ АЗАМАТТАР ПАРТИЯҒА ҚАБЫЛДАНДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ НАСИХАТТАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ОҢ БАҒАЛАНДЫ

admin