Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 47-ге жетті.

Жетісай ауданы, Ш.Ділдабеков ауылдық округінің 1970 ж. тұрғыны және Ш. Ділдабеков ауылдық округі, Достық ауылының 1971 ж. тұрғыны, осы ауданның Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді ауылының 1994 ж. тұрғынында коронавирус инфекциясы расталды. Аталған азаматтың үшеуі де COVID-19 вирусы анықталған науқаспен жақын байланыста болған.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 18 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған). Сондай-ақ,  Кентауда — 5, Ордабасы  — 2, Сайрам — 2, Мақтарал — 4, Арыс — 14, Сарыағаш — 1, Бәйдібек -1 тұрғыны індетке шалдыққан.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік полицейлер сеніп тапсырылған ойын құрылғысын ломбардтқа өткізіп жіберген азаматты ұстады

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3,7 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ 736 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АРЫСТЫҚТАР ҮЛЕС ҚОСУДА

admin