Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ТОҒЫЗ ТҰРҒЫН ҮЙ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жылдан жылға қарқын алып келеді. Мәселен, Төлеби ауданында соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 5 қабаттан тұратын 10 тұрғын үй бой көтеріп, бас-аяғы 540 пәтер пайдалануға берілген. Ал, осы жылы Ленгір қаласындағы 1-мөлтек ауданында 5 қабаттан тұратын әрқайсысы 20 пәтерлі 9 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланды. Олардың жалпы аумағы — 11 000 шаршы метр, 180 пәтер. Бүгінгі таңда мердігер мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелер анықталып, келісім-шарт түзу жұмыстары жасалуда. Осылайша, келесі жылы ауданда 180-ге жуық отбасы баспаналы болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Ө.ШӨКЕЕВ: «ШАРДАРАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУДЫ ТАПСЫРАМЫН»

admin

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖЫЛЫНА 1100 ТОННА КЕСПЕ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

admin

ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 80 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ ЕГІЛДІ

admin