Қазақ тілінің мәселесі осыдан 30 жыл бұрын көтеріліп, әлі күнге дейін мардымды нәтиженің болмауы жанымызға қатты батады.
Мемлекеттік тіл туралы арнайы заң қабылдау – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі. Біз барлығымыз күш-жігерімізді осы бағытқа жұмсауға тиіспіз.
Еліміздің көптеген саласында қазақ тілінің иісі мұрнына бармайтын мамандардың отырғаны – халықтың ашу-ызасын туғызып, зығырданын қайнатты. Ендігі қадам – мемлекеттік қызметкерлерден жаппай мемлекеттік тіл емтиханын алу керек. Қазақ тілін білмейтіндер, сөйлемейтіндер өз орнын босатуы керек. Отыз жыл бойы мемлекеттің басты тілі – қазақ тілін үйренбегендер өз орнын босатып, қазақтың тілін де, жанын да ұғатын басқа да білікті мамандарға жол беруі керек.
Қазақстанда мемлекет құраушы елдің тілі – қазақ тіліне заң жүзінде айқын басымдық бергенде ғана қазақ тілінің тағдырын шеше аламыз.
qazaquni.kz
