Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: 9 НАУҚАС ІНДЕТТЕН АЙЫҚТЫ

30 сәуірдегі ақпарат бойынша Түркістан облысында 9 азамат коронавирус инфекциясынан жазылған. Облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны — 38.

Түркістан облысы, Арыс қаласының 1995 ж. тұрғыны 12 сәуір күні КВИ, расталған жағдай, жедел бронхит диагнозымен ауруханаға түскен.  31 наурыз күні Актаудан келген азаматтың жалпы жағдайы орташа ауырлықта болған. 28 сәуір күнгі соңғы талдама қорытындысы теріс нәтиже көрсетіп, ол үйіне оралды.

         Сондай-ақ, Арыс қаласының 1965 ж., 1987 ж., 1989 ж., 1998 ж., 2004 ж., 2010 ж. тұрғындары және Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылының 1987 ж. тұрғыны да бүгін ауруханадан шығарылды.

9- науқас – Сайрам ауданы, Қосбұлақ ауылының 1992 ж. азаматы дертінен айығып, отбасына оралды.

Олардың барлығы инфекция жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған. Мәліметке сәйкес, науқастар КВИ расталған жағдай, жедел бронхит диазнозымен ауруханада ем алған.

Ұқсас жаңалықтар

Эдгар Кейси – «ұйқыдағы пайғамбар»

admin

Сергектiктi серiк еткен әкiм

admin

Ұлттық музейде «Қуатты армия – қуатты Қазақстан» көрмесі ашылды

admin