Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ПАРТИЯНЫҢ АРАЛАСУЫМЕН МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

«Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалына Алпамыс батыр ауылдық округі әкімінің міндетін уақынша атқарушы Д.Оразалиевтен хат келді.  Хатта ауыл округінің шекара маңында Өзбекстан Республикасы тарапында қоқыс полигоны түтеп, түтінге халықтың наразылығы туындап жатқаны, мәселені шешу бойынша бірлесе жұмыс атқару ұсынылған болатын.
Хатта көтерілген түйіткіл бойынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Жұмабеков  Өзбекстанның Ташкент ауданы әкімінің орынбасары Р.Хайдаровпен хабарласып,  қоқыс полигонындағы түтінді тоқтату мәселесін көтерді.
Нәтижесінде үш күн мерзімде қоқыс полигонындағы түтін тоқтатылды.  Өзбекстан тарапы алда келеңсіздікті жою және қайталанбауы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы аудандық филиалға фото және аудиожазбамен есеп жолдап, көтерілген мәселе оң шешімін тапты.

Ұқсас жаңалықтар

Үйде ұстауға болмайтын заттар

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 25 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕШІТТЕРГЕ ҚОЙЫЛҒАН ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҰЗАРТЫЛАДЫ

admin