Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ШОРНАҚТАҒЫ ЖАТАҚХАНАҒА КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шорнақ ауылында орналасқан Қ.Рысбеков атындағы 300 мектеп-интернатының жатақханасына құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл интернатта әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен шалғайдағы шаруалардың балалары тұрақтайды. Осы сәтке дейін 356 оқушы білім алуда.

 

Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен облыс әкімінің орынбасары Сакен Амангелдіұлы Қалқаманов, Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов танысты. Сакен Амангелдіұлы «құрылыс өз уақытында сапалы жүргізіліп, балаларға барлық жағдайлары жасалынған заманауи кейіпке енуі қажет»,- деп құрылысшы мекемеге бірқатар тапсырмалар берді.

 

Жатақхана құрылысы жаңа оқу жылына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

admin

ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІМІЗДІҢ ДІНМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

admin

ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ СЕНІМДІ АҚПАРАТ ҮШІН СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ

admin