Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Әйел әлеміДүбірлі дүние

ҚОЛ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН МАСКАЛАР

* Жұмыртқа маскасы

Қол терісі әжімденіп кетсе, 1 жұмыртқаның сарысы, 1 ас қасық бал мен 1 шай қасық сұлы жармасын араластырып, кешке жатар алдында қолыңызға жағыңыз. Сыртынан шүберек қолғап киіп жатыңыз. Таңертең қолыңыз жұп-жұмсақ болып оянасыз.

* Бал маскасы

Бал қол терісін жұмсартады. 15 г ара балын, 25 г зәйтүн майын, 1 жұмыртқаның сарысы мен бірнеше тамшы лимон шырынын араластырып, қолыңызға жағыңыз. Сыртынан шүберек қолғап киіңіз. Мұны да жатар алдында жасаған жөн.

* Глицеринді маска

Бұл да теріні жұмсартады. 1 шай қасық глицерин мен балға 2 шай қасық су, 1 шай қасық сұлы жармасы немесе ұн қосып, жақсылап араластырыңыз. Масканы қолға жағып, 20-25 минуттан кейін жуыңыз.

* Картоп маскасы

Қол терісіндегі әжімдерді жойып, теріні жұмсартады. Суға пісірілген картопты сүтпен езіп (езбе жасап), қолыңызға жағыңыз. Масканы 2-3 сағаттан кейін ғана жуу керек.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕ МЕН ЕЛГЕ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin

Ең кiшкентай түнгi клуб

admin

Əйелсіз ерге күй бітпейді

admin