«НӘЗІК» ПЕЧЕНЬЕСІ

Құрамы:

Қамырына – 150г сары май, 220 г ұн, 100 мл қаймақ, 1 шай қасық құрғақ ашытқы; салмасына – 100 г грек жаңғағы, 100 г ұн, 100 г құмшекер, 80 г сары май, 0,5 шай қасық ваниль қанты.

Дайындалуы:

Шұңғыл ыдысқа ұн, құрғақ ашытқы, жұмсартылған сары май мен қаймақты салып, қамыр илеңіз. Дайын қамырды целлофан қапшыққа салып, тоңазытқышқа 30 минутқа салып қойыңыз.

Грек жаңғағын қуырып, ұнтақтаңыз. Бөлек ыдыста ұнды сары маймен және құмшекермен араластырыңыз. Оған грек жаңғағын қосыңыз.

Тоңазытқыштағы қамырды екіге бөліп, жұқартып жайыңыз. Салманы бетіне біркелкі етіп салып, шетінен бастап ораңыз да, енін 4 см етіп тураңыз. Ораманы асты майланған қалыпқа салып, бетіне жұмыртқа жағыңыз және азырақ құмшекер себіңіз. Қалыпты 200 градуста 20-30 минуттай пісіріңіз.

Асыңыз дәмді болсын!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.