ТҮРКІСТАН: БІР ЖЫЛДА ТАБЫС КӨЛЕМІН МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКІЗГЕН ЗАУЫТ

Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Оранғай ауылдық округінде өткен жылы іске қосылған бетон зауытының табыс көлемі миллиард теңгеге жеткен. «ФахриСтрой» ЖШС бастапқыда 150 текше метр шығаруға қауқарлы болған. Ал, қазіргі таңда кәсіпорын тәулігіне 600-700 текше метрге дейін өнім өндіріп келеді. Мамандар өнім көлемінің бірнеше есеге артып кетуін, Түркістан қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен байланыстырады. Яғни, аталған мекеме облыс орталығындағы құрылыс алаңдарына дайын өнім жеткізіп, сұраныстың 60 пайызын қамтып отыр.
Серіктестікте 75 азамат жұмыс істеп келеді. Жұмысшылардың басым көпшілігі Түркістан, Кентау қалаларының тұрғындары.
Одан бөлек, аталған мекеме газоблок шығаруды да қолға алуда. Бұл зауыттың құрылысы қазан айында толығымен аяқталып іске қосылатын болады. Сондай-ақ, серіктестік басшылығы келесі жылы асфальт зауытын салуды да жоспарлап қойған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.