Түркістан: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай оқулары» онлайн байқауы өтті
«Абай оқулары» онлайн байқауы қорытындыланды. Бұл игілікті шара Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай, облыстық қоғамдық даму басқармасы және өңірлік «Рухани жаңғыру» кеңсесінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отыр.
Байқаудың негізгі мақсаты — қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын кеңінен насихаттап, дарынды көркемсөз оқушыларды анықтау. Сонымен қатар халықтың әдебиетке және сөз өнеріне, ұлттық руханиятқа деген ықыласын арттыру болып табылады.
Аталған іс-шара ағамдағы жылдың 27 тамызда басталып, 11 қыркүйекте аяқталған болатын. Байқауға облыс көлемінде 60-қа жуық үміткер қатысып, бақ сынасты.
Байқаудың шарттарына сәйкес 1-кезеңде қатысушылар Абайдың кез-келген өлеңін мәнерлеп, жатқа оқыса, 2-кезеңде Абайдың қара сөздерін оқып өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында #Абайоқуларыруханижаңғыру хештегімен видеолар жүктеуі тиіс болатын.
Байқау қорытындысының нәтижесінде жүлделі , І-орынды Сайрам ауданы тұрғыны Даханова Камила, ІІ-орынды Кентау қаласы Шекербұлақ ауылы тұрғыны Ақнұр Балтабаева, Арыс қаласы тұрғыны Қарашаш Құлахмет, Кентау қаласы тұрғыны Ибадулла Нұрхат, ІІІ-орынды Шардара ауданының тұрғыны Ақерке Демесбек, Ордабасы ауданы Қарақұм ауылы тұрғыны Аяулым Тәуекел, Арыс ауданы Монтайтас ауылы тұрғыны Нәзік Абдуева, иеленді. Барлық жеңімпаздарға алғыс хаттар мен кәдесыйлар берілді.