ТҮРКІСТАН-КЕНТАУ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 95 ПАЙЫЗҒА АЯҚТАЛДЫ

Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Түркістан және Кентау қалаларын жалғайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Ақ-Жол» ЖШС-і. Түркістан қаласы мен Кентау аралығындағы жолдың жалпы ұзындығы 26 шақырымды құрайды, қазіргі таңда оның 19 шақырымы жөндеуден өтуде.
Бүгін жалпы жөндеу жұмыстары 95%-ға аяқталып, жолға асфальтбетон жамылғысы толық төселген. Сондай-ақ, елді мекен аумақтарында аяқжол, жарықтандыру шамдары орнатылды. Бұл жұмыстармен қатар Түркістан қаласының аумағында веложолақ төселді.
Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері орнатылып, жолға таңбалау жұмыстары жүргізілді. Жаңартылған жол 2021 жылы толықтай пайдалануға берілетін болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.