ҚАЛАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ КОРОНОВИРУС ІНДЕТІНІҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанынан қоғам белсенділерінен  Жұмысшы топ құрылып, тұрақты түрде мегаполис дәріханалары мен дәрілік қоймаларына мониторинг жүргізуде.

Басты мақсат – тауарлардың халыққа, денсаулық сақтау ұйымдарына уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, медицина мекемелерінде дәрі-дәрмектердің жеткілікті болуын қадағалау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу болып табылды.

Індеттің болжамды екінші толқынына қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дайындық барысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев бастаған Жұмысшы топ танысты.

Шара барысында оттегі қосалқы станциясы, өкпені жасанды желдету аппараттарымен, гуманитарлық көмек бойынша келген дәрі-дәрмектер қорымен танысып, оның дұрыс қолданылу барысын қарады.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, дайындық барысына қатысты мониторинг жұмыстарын барлық ауруханалар мен емханаларда жүргізу жоспарлануда.

Бұған дейін, Департамент жанындағы жұмысшы топ шет елдерден гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық тауарлар мен дәрілердің денсаулық сақтау мекемелеріне жеткізіп, әр тауарға үшінші тұлғалардың, делдалдардың, алып-сатуына жол бермеу мақсатында «тегін» деген мөр басуда.

Айта кетейік, дәрі-дәрмектер мен денсаулық мекемелеріне қатысты аудио, бейне жазбаларыңыз бен ұсыныс, шағымдарыңызды  «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 8775 306 78 50 WhatsApp нөміріне жолдай аласыздар. Мамандар жедел әрекет етіп, барынша көмек беретін болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.