Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ШЫМКЕНТТЕ «ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗГЕ ЖАТ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БАСШЫЛАР ЖАЛАҚЫЛАРЫН ЖАРИЯ ЕТУДЕ

Шымкент қаласындағы мемлекеттік органдар басшылары мегаполис тұрғындарын айлық жалақыларымен таныстыруда. Аталған акция «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен қолға алынып, «Жемқорлық бізге жат» деп аталды.

Аталған шараның негізгі мақсаты-мемлекеттік органдардың басшыларын парасаттылық және ашықтық қағидаттарын ұстануға шақыру болып табылады.

«Акцияны мемлекеттік органдар басшыларымен қатар, спорт, денсаулық сақтау, білім саласының жетекшілері қолдап, жалақыларымен қатаржемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстардан да хабардар етуде. Акция қорытындысымен мемлекеттік органдар басшыларының ашықтығына баға берілетін болады» — дейді «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар.

«Жемқорлық бізге жат» акциясы аясында алғаш болып жалақыларынан хабардар еткен Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов 680 мың теңге алатындығын хабарласа, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 550 мың теңгені құрайтындығын жеткізді.

Ал,қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісов 546 мың, Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының м.а. Төрехан Дауытов 246 мың, Әл-Фараби ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысыБағдаулет Ашенов 153 мың, Көркем гимнастикадан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкеріӘлия Жүсіпова 250 мың,   Диагностикалық орталығының директорыШолпан Мырзахметова 330 мың, №1 қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасарыТалғат Шауенов 200 мың, «Дарын» орталығының директоры 210 мың теңге алатындығын жариялады.

«Алдағы уақытта басқа да мемлекеттік мекемелердің басшыларының айлық жалақыларымен қатар, жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарған жұмыстарымен таныстыратын боламыз» — дейді Ж.Қамбар.

 

Ұқсас жаңалықтар

ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ ОШАҚТАРЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ БОЙЫНША САУАЛНАМА ЖҮРГІЗІЛДІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР

admin