Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРУТЫШЫЛЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен ақпараттық-ағартушылық штаб өкілдері Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің жастарымен онлайн кездесу өткізді.
Аталған шараға «Саналық ұрпақ» клубы мен «Парасаттылық мектебінің» белсенді жастары және студенттер қатысты.
Кездесу барысында Штабтың құрылу мақсаты жөнінде ақпарат беріп, өскелең ұрпақты парасатты, адал әрі әділ болуға шақырды.
Адал сөзге арсыз ғана тоқтамайды деген Штаб мүшелері бүгінгі кездесуде айтылған әрбір сөзді көкейлеріне түйіп, қорытынды шығару қажеттігін жеткізді.
Өз кезегінде Департамент өкілі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобалармен қатар, жастардың жемқорлыққа қарсы күрестегі рөліне тоқталды.
Шара соңында жастарға ерекше сенім білдіре отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда белсендік танытуға шақырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы барысында 400-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

admin

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жас жазушылар мен ақындар арасында өтетін «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕП, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ БАР

admin