«Хизбут-тахрир»

Зерттеушілердің пікірінше, «Хизбут-тахрир» діни террористік ұйымының құрылымы пирамидалық қағидаға сай функционалдық ұяшықтарды қолданумен құрылады. Бұл ұйымдық құрылым жеті сатыдан тұрады. Саяси террористік ұйымдарда да осындай негізге ұқсас өзіндік құрылымдық жүйелер құрылады. Олар сияқты сепаратистік және этникалық негіздегі террористік ұйымдарда өзгеше ұйымдық құрылым көзделген. Діни террористік немесе діни экстремистік ұйымдардың басқа арнайы террористік ұйымдардан ең басты ерекшеліктері мынада: олар қандай бір халықпен және географиялық аумақпен шектелмейді және олардың жаһандық мақсаттары бар.
Түйіндей келе айтар ойымыз, терроризмнің бір түрі болып табылатын діни терроризм мен діни экстремизм құқықтық ассоциациялық қатынаста және эволюциялық қатынаста болады, ал этникалық негіздегі терроризм сепаратизммен өзара ықпалдастық пен жақындауға «мүдделік».
Діни экстремизм мен діни терроризм терроризммен тығыз қатынаста болса, ал сепаратизм, этникалық негіздегі терроризм және саяси терроризмдермен саяси қолдау немесе саяси ықпалдастық сияқты тұстарымен байланысып жатады.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.