Тәкфірші-жиһадшылар

Тәкфірші-жиһадшылар мұсылман елдеріндегі билік басшыларының, құқық қорғау органдары мен құрылымдарының әрекеттері өз идеологияларына қайшы келсе, оларға қатысты «тәкфір» үкімін жариялап, ондай мемлекетті «тағұт» (пұтқа табынушылар) деп атайды.
Айналадағы қоғамды толығымен кәпірге шығарып, «тағұт» деп айып таққан соң, тәкфіршіл-жиһадшылар екі әдістің бірін қолданады: «кәпір» атанған өзінің тұрып жатқан жеріне «жиһад» (соғыс) жариялайды немесе ислам жеріне «хижра» (көшіп қоныстану) жасайды.
Олардың бұл әдістерінің ешбірі дәстүрлі ислам қағидаттарына сәйкес келмейді. 2014 жылғы 18 тамызда Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен «Ат-тәкфір уәл-хиджра» ұйымы экстремистік деп танылып, оның Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салынды.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.