Ұғымдар
Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс — әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді.
Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды.
Экстремизмнің этноцид, геноцид, расизм, терроризм деген түрлері бар. Бәрі де күш қолдануға сүйенген. Бүгінгі таңда ең көп тарағантүрі терроризм. Теrrоr латын сөзі қорқыныш, үрей дегенді білдіреді.
Теоризм – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.
Терроризмнің мақсаты — мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен бірге қоғамда дүрбелең тудырып, көшеде, жұмыс және дем алатын жерлерде, халықтың көп шоғырланған орталарында, сауда саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта бүлік шығарып, үрей тудыру болып табылады.