Суруриттер
Олар – мемлекеттің елге Америка әскерлерін кіргізу шешіміне қарсы шығып, сол кездегі билікті күпірлікпен айыптаған мәдиналық сәләфи жамағат. Олардың басшысы Сириялық Мұхаммед әс -Сурури. Әлбани оларға осы суруриттер деген атауды беріп, үмбеттің харижиттері деп атаған екен.
Мұхаммед әс-Сурури 50-60 жылдары «мұсылман бауырлар» ұйымының белсенді мүшесі болған. Сәйд Құтыптың әделітсіз басшыға қарсы шығу керек деген идеяларын жалғастырумен қатар, сол кездегі ихуандарды дәстүрлі сунниттік бағытты ұстау жолында реформа жасауға шақырды. Алайда сириялық ихуандар (Мұхаммед әл Бәннаның ізін жалғастырушылар) бір ғана жолды ұстанып, өзге ағымдарды жамандау ихуандардың жағдайын әлсіретіп, халықты билікті құлатуға қарсы көтеруге кедергі келтіреді деп санайтын.1967 жылы Сирия өкіметінің ихуандармен қақтығысуы нәтижесінде Мухаммед әс-Сурур Сауд Арабиясына қашады. Осында жүріп өз насихатарын жүргізеді. Оның ең белсенді шәкіртінің бірі Сәлман әл-Ауда, кейін осы саудиялық суруриттердің лидеріне айналады.
Мемлекет билігінің кәпір елдермен қарым қатынас жасамауы қажет деп санайды. Саудиялық суруриттер бес уақыт намаз оқымаған мұсылманды кәпірге санайды. Бұл топ та Ибн Тәймия мен оның идеяларын саясиландырып жалғастырған Мұхаммед Абдулуаххабтың көзқарастарын ұстанады.