ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ОНЛАЙН  ТРЕНИНГ ӨТТІ

Бүгін  Түркістан өңірінде  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» тақырыбында онлайн тренинг өтті.
ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өткізілген оқыту семинарына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінен жалпы саны 69 адам қатысып, адал қоғам қалыптастырудың  негізгі  бағыттары мен басымдықтары бойынша білікті мамандар тарапынан  ақпарат берілді.
Облыс орталығының азаматтарына өткізілген  ақпараттық жиынға  қазақстандық белгілі саясаткер Зәуреш Батталова,  құқық қорғаушы, «Eurasian Expert Council» ҚҚ басқарма төрағасы Шыңғыс Лепсібаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай спикерлік етіп,  интерактивті карта, жобалық менеджмент және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бағыттары бойынша  мәлімет берді.
Онлайн оқыту барысында Мирас Асқарбайұлы ағымдағы жылдың 6 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген жаңашылдықтармен  таныстырып, пара алу, пара беру, пара ұсыну, делдал болу сынды құқықбұзушылықтарына жол бермеу – әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігін жеткізді.
Тренинг соңында бірқатар ұсыныстар ортаға салынып, қатысушылар тарапынан тақырып аясында қойылған түйткілді сауалдарға тікелей эфирде  жауап берілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.