ANTIKOR LIVE: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰСЫНЫСЫ БОЙЫНША 43 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ТӘРТІПТІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Бүгінде әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекетті коргандар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың себептері мен алғы шарттарын жою туралы ұсынулар енгізудеміз. Олар жеке қатысуым мен еңбек ұжымдарында қаралуда.

Осы іс-шаралар аясында іс-әрекеттердің себептері егжей-тегжейлі талқыланады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ұжымдар да парасаттылық қағидаттарын енгізу бойынша ұсыныстар енгізіледі.

Жалпы, жыл басынан қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекеттік органдарға барлығы 64 ұсыну енгізіліп, олар еңбек ұжымдарында қаралған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Қарау нәтижесі бойынша 43 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 20-дан астам адам жұмыстан және атқаратын қызметінен босатылған (19 атқарып отырған лауазымынан,  2-уі жұмыстан босатылса, 8-і қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді, 1-і лауазымынан төмендетіліп, он адамға «қатаң сөгіс», екі адамға «сөгіс», 1 адамға «ескерту» жарияланды)

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.