ТҮРКІСТАН: ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ҰСЫНЫМ ҚАРАЛДЫ

Бүгін  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Руслан Куватовтың  қатысуымен  ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде онлайн конференция өтті.

Бейнебайланыс арқылы өткен  шарада Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А.Кенегесовкеқатысты  тіркелген қылмыстық іс бойынша енгізілген ұсыным қаралды.

Қылмыстық құқық бұзушылық дерегі қаралған  конференцияның негізгі  мақсаты —  сыбайлас жемқорлық деректерінің орын алуына жол бермеу және қоғам дертінің туындауына жол берген бірқатар азаматтарға тиісті шара қолдану.

Тікелей  эфирде жүргізілген шарада сөз алған Агенттіктің  Түркістан облысы бойынша Департаментінің Тергеу басқармасының аға тергеушісі Қанат Шакимарданов  Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А.Кенегесовтіңіс-әрекетімен жасалған құқық бұзушылық дерегі айыптау актісімен сотқа беру үшін қадағалаушы прокурорға жолданғанын  мәлімдеді.

Одан бөлек, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында құқықбұзушымен орын алған басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайлар анықталғанын  және аталған жағдайдың  орын алуы  басшылық тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілмегенін тілге тиек етті.

Шара соңында Руслан Естайұлы сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында әрбір өңір тұрғыны азаматтық белсенділік таныта отырып, Агенттіктің    1424 call-орталығына хабарласу қажеттігін  жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.