Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Бас мақалаРуханиятШындықтың жүзі

Елбасы Шымкенттегі «Қазақ еліне мың алғыс!» монументін көрді

Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғимараты алдында бой көтерген «Қазақ еліне мың алғыс!» монументін көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Монумент өңірдің 20 этномәдени бірлестігінің бастамасымен салынған, ол түрлі ұлттардың қазақ халқына деген алғысы мен адал ниетінің нышаны болып саналады.

????????????????????????????????????

Нұрсұлтан Назарбаев көпұлтты мемлекетіміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің достығы тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы екенін атап өтті.

  Қазақстан Президенті «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі мен өңірдің этномәдени орталықтары орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратымен танысты.

Мемлекет басшысының назарына этномәдени бірлестіктер өкілдерінің орындауындағы «Бірлігіміз жарасқан» деп аталатын музыкалық композиция ұсынылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

Ұқсас жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: БІЗДІҢ ИНВЕСТОРЛАР – НАҒЫЗ ПАТРИОТТАР

admin

БАҒДАТ МУСИН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АХУАЛДЫҚ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

admin

Ел аманатын арқалаған партияның маңызды мәжілісі өтті

admin