Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықОрнықты ой, орынды сөз

Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты: Шоудың арты қашан да шуға ұласпай тұрмайды…

Телеарналардағы шоу сипатты бағдарламалар адамды ойландырмау үшін жасалып жатқан нәрсе ме деп ойлаймын. Қазақ көрермендері мен оқырмандарының талғамы төмендеп кеткен жоқ. Төмендетуге ұмтылатын күштер бар.

Телеарна – ұлтты тәрбиелеудің құралы. Біз осы құралдың пәрменін жоғалтып алдық.

Қазіргі таңдағы қаптаған үнді, түрік, корей сериалдары қазаққа ештеңе бермейді. Үнді сериалдарының көбеюінің ар жағында не істерін білмей отырған қазақ жастарының кришнаизмге кіріп кету қаупі тұр. Шоу-бағдарламалар рейтингті көтеру үшін жасалады. Ал сол рейтингті түзетін, жасайтындар кімдер? Бұл ыңғайда қазақ көрер-мендерінің таным, тал-ғамы қаперге алынып отырған жоқ.

Алайда қазаққа керек хабарлар «рейтингі төмен» деген сылтаумен эфирден алынып тасталады. Ұлттың сөзін сөйлеген хабарлардың ғұмыры ұзақ болмайды.

Мұның астарында қазақты ойлантпау, «Неге?», «Неге бұлай?» деген сауалдарды қойғызбау пиғылы жатқан жоқ деп айта алмаймын. Бірыңғай шоу арқылы біз ұлтымызды тәрбиелей алмаймыз. Шоудың арты қашан да шуға ұласпай тұрмайды…

dalanews.kz

Ұқсас жаңалықтар

Бейбіт Атамқұлов Қытай қазақтарының қазіргі жағдайы жайлы мәлім етті

admin

Пара алған шымкенттік судья 7 жылға сотталып кетті

admin

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БӨЛІМДЕРІ БАСШЫЛАРЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin