Ақылбек Күрішбаев, Сенат депутаты: … ауылды дамыту бағдарламасын түбегейлі қайта қарауы қажет

Бізде 2011 жылы ауыл халқының үлесі 45,4%-ті құраса, қазір бұл көрсеткіш 41,3%-ке тең. Әсіресе, оның экономикалық белсенді бөлігінің күрт төмендеуі алаңдатады. Мысалы, соңғы 10 жылда ауылдағы еңбекке қабілетті адамдар саны 4,1-ден 3,8 миллионға дейін төмендеген. Жылдан-жылға халықтың ауылдық жерден көшуі өсіп келеді. 2019 жылы жарты миллионға жуық адам ауылдан қалаға қоныс аударған.

Бұрын ауылда бала туу деңгейі қалаға қарағанда көп болатын. Ал соңғы ал­ты жылда бұл көрсеткіш ауылдық жерде төмендеп кетті. Статистикаға сәйкес, 2019 жылы ауылдағы жан басына шаққандағы табыс айына 45 829 теңгені құраған, қалада –

66 207 теңге. Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша ауылдық жердегі табыс одан да аз, айына – 35 349 теңге.

Ауылдағы еңбекке жарамды азаматтардың 40%-ы қалаға көшуді жоспарлап отыр. Ауылдық жерлерде 900-ге жуық дәрігер қажет. Қалада он мың адамға 56 дәрігерден келсе, ауылда 16 дәрігерден келеді. Сондай-ақ, 312 білім беру нысаны қажет, 150 кітапхана жетіспейді, 550 мәдениет нысаны керек. Сонымен қатар 32 мектеп апаттық жағдайда тұр. Мұнда 2 200 педагог жетіспейді. Бұл еліміздегі жалпы қажеттіліктің 75%-ын құрайды.

Ауылдық аймақтарды дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу үшін ең алдымен үкімет ауылды дамыту бағдарламасын түбегейлі қайта қарауы қажет. Осы орайда ең алдымен ауылдық аймақтарды дамыту бағытын жеке құжатпен ұлт­тық жоба ретінде қабылдау жөн болар еді.

sputnik.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.