ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЛОК-БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛМАЙДЫ

Түркістан облысы бойынша қазіргі таңда коронавируспен стационарлық ем қабылдап жатқандар – 1, ал амбулаториялық жағдайда ем қабылдаушылар – 18 адам. Қарым-қатынаста болған 116 адам медициналық бақылауда. Әзірге Түркістан облысындағы эпидемиология ахуал тұрақты, блок-бекеттер қойылмайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санититариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Түркістан облысында жеке азаматтардың той-мерекелерді атап өтуі толастар емес. Сондықтан пандемия уақытында облыс тұрғындарын жалпыға ортақ тәртіпті сақтауға шақырды.
«Жаңадан қабылданған қаулыға сәйкес, 3 қарашадан бастап облыс аумағындағы мал базарлары санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, 30%-дан асырмай толтырумен, аптаның жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Түркістан облысы бойынша 31 мал базар бар. Олардың ішінде қазіргі таңда 3 жабық (ЖК «Нұрсұлтан», ПК «Султан»,»Алжан-Агро» ЖШС). «Infokazakhstan» сайтына мал базарлардан ашылуға 16 өтініш түсті, оның 7 қаралып, 4 — жұмыс істеуге рұқсат берілді (Қазығұрт, Ордабасы, Келес, Төлеби), 3 — қайтарылды, 9- қаралуда», — деді облыстың бас санититариялық дәрігері
Мал базарлардың қызметіне тыйым салынған кезінде Түлкібас ауданы, Машат ауылында орналасқан «Ет өнімдері KZ» ЖШС-не қарасты мал базары ағымдағы жылдың 7 және 21-қазан күндері карантин талаптарын бұзғаны үшін заңды тұлғаға 230 АЕК көлемінде 2 айыппұл салынған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.