Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныСаясат

ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына артиллериялық зеңбіректен 25 дүркін оқ атылады

Ағымдағы жылғы 7 және 9 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай от шашу өтеді. Бұл туралы BNews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

От шашу сонау Ұлы Отан соғысы кезінен бастап қазіргі уақытқа дейін жарақтандыруда тұрған және Ұлы Жеңістің нышаны болып табылатын 76 миллиметрлі зеңбіректерден артиллериялық дүркін оқ атулармен жүргізіледі.

Салют 2 заманауи от шашу құрылғысынан керемет мерекелік от шашумен ұласады. Олардың әрқайсының 173 бағыттаушысы бар. Мерекелік іс-шара, яғни, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай артиллериялық зеңбіректерден 25 дүркін оқ атылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары ағымдағы жылғы 7 және 9 мамырда мерекелік от шашуды Есіл өзенінің жағалауында сағат 22.00-де тамашалай алады.

Ұқсас жаңалықтар

«ALTYN KÙZ — 2020»: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАН БИЫЛ ТОЛЫҒЫМЕН ГАЗБЕН ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ

admin

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ӘР ОТБАСЫ 10 ТҮП КӨШЕТТЕН ОТЫРҒЫЗДЫ

admin