Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТМД-ның мәдени астанасы — Шымкентте Түркіменстанның Бейтараптығының 25 жылдығына арналған онлайн-көрме ашылды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 2020 жылы мәдени астанасы деп жарияланған Шымкент қаласы кітапханаларының ресми сайттарында Түркіменстанның Бейтараптығының 25 жылдығына және «Түрікменстан — Бейтараптықтың отаны» жылына арналған онлайн-көрме ашылды.

Қазақстан Республикасындағы Түрікменстан Елшілігінің ұйымдастыруымен, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған онлайн-көрмеде Түркіменстанның көркем табиғаты, ұлттық мәдениет пен дәстүрлері,  бай тарихы туралы фотосуреттердікөруге болады.

Көрме сайтқа келушілерді құрметті Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың басшылығымен гүлденіп жатқан Түркіменстанмен таныстыруға арналған.

Интернет-көрме 2020 жылдың соңына дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Ел ертеңін айқындайтын сайлау

admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МҮФТИЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

admin