ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА АДАЛДЫҚ ИДЕЯЛОГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Нұржахан Абуова «Біздің таңдауымыз — заңдылық» тақырыбы аясында облысқа қарасты білім алушылар мен оқытушыларға онлайн форматта конференция өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – адалдықпен әділдікті дәріптеу, жасұрпақтың бойына парасаттылық, сенім құндылықтарын сіңіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жарқын үлгісін қалыптастыру.
100-ге жуық «Адал ұрпақ» пен «Саналы ұрпақ» клубтарының мүшелері мен жетекшілері қатысқан онлайн конференцияда Нұржахан Ермағамбетқызы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және қоғамдық бақылауды арттыру мақсатында ел ертеңі үшін білім саласына артылар жауапкершліктің жоғары екендігін атап өтіп, қазіргі заманғы білім бәсекесінде адалдық пен прасаттылықтың айрықша маңызға ме екенін алға тарты.
Шара барысында «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің жетекшілері де «Сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз салдарын жеңуге болатын стратегиялар» тақырыбында сөз қозғаса, жалынды жастар Әбу Насыр Әл Фараби мен Ұлы Абай Құнанбайұлының парасаттылық, ар тазалығы, туралық құндылықтарына негізделген даналық сөздерін ортаға салды.
Онлайн конференция соңында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелігіне өңіріміздің ерікті жастары ресми түрде қабылданып, адал және парасатты болуға ант берді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.