Ө.ШӨКЕЕВ: НЕМҚҰРАЙЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Түркістанды көркейтіп, гүлденуіне облыстағы барлық аудан, қалалар мен басқармалар атсалысып отыр. Атқарылып жатқан жұмыстар жайлы бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Аймақ басшысы бұл істе ерекше көзге түскен азаматтарды ынталандыруды ескертті.
Өңірдегі экологиялық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстартар бойынша Түркістан қаласы Арыс тәсіліне сүйеніп, 32 секторға бөлінген. Жиналыста облыс әкімі жауапты басшыларға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Өмірзақ Естайұлы жергілікті ауа-райына қолайлы гүжім ағашы мен жиде, терек, қарағаш пен қырым қарағайын көбейтуді тапсырды. Егілген көшеттерді желден, суықтан қорғау үшін ағаштар арнайы сыммен оралып, тіректермен қоршалуда. Қаланы көркейтуге тұрғындар да тікелей атсалысқан. Қала халқы демалатын орынның жайлы да ыңғайлы болуына түркістандықтар да үлес қосып, #ХалықтықЖоба жасауда. Өмірзақ Естайұлы бұл жобаны тиісті жауапты мамандарға үлгі ретінде ұстануды тапсырды.
«Түркістанда көгал болмаса климат өзгермейді. Сол себепті саябақтар мен демалыс аймақтарын салып, жасыл желекті көбейтуіміз қажет. 100 гектардан астам аумақ жасыл желекке орап, әр еккен талды күтіп-баптап, терең тамыр жаюына жағдай жасау маңызды. Немқұрайлыққа жол жоқ. Әйтпесе еңбек зая кетеді. Қаланы көгалдандыруда еңбегімен ерекшеленген азаматтарды ынталандыруымыз керек», — деді облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы.
Қазіргі таңда бекітілген аумақтарда ағаш көшеттері отырғызылып, ұңғыма шұңқырлары қазылған. Сонымен қатар, ағаштарды тамшылатып суғару жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.