Мұхтар Тайжан: Ұлт дегеніміз ойыншық таңдау емес…

«Әр адам ұлтын өзі таңдасын» деген Ассамблеяның ұсынысына біз түбегейлі қарсы болуымыз қажет! Ал негізі Ассамблея таратылу керек, мүлдем пайдасыз ұйым.

Өйткені, бұл ұйым бұған дейін қазақ ұлтына пайдалы ұсыныс жасап көрмеген.

Ұлт дегеніміз ойыншық таңдау емес, ол туғаннан қанмен келетін дүние.

Ұлтты азаматтығымен шатастыруға болмайды. Адамның азаматтығын айырбастауға құқығы және мүмкіндігі әлбетте бар болуы жөн. Ал ұлтты адам өзі таңдай алмайды, ол туғаннан берілетін зат. Ұлтты адамның өз таңдауымен өзгерту – ешбір елде жоқ нәрсе.

Екіншіден, қазақ ұлтын таңдауға жол ашатын болсақ, ертең қытайлар болсын, басқалар болсын келіп «мен де қазақпын» деп шыға келсе, «бұл жер менікі» деп айтса не істейміз? Құжат бойынша ол да қазақ болады ғой!

Alashainasy.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.