Шымкентте жас сарбаздар әскери ант қабылдады

Осы күзде Нұр-сұлтан қаласынан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан шақырылған 100-ден астам шақырылушы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімде ант қабылдады.

 

Салтанатты рәсімге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Владимир Сафонов, Шымкент қаласындағы Қарулы Күштер ардагерлер кеңесінің төрағасы полковник Серікбай Онбаев, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі» қалалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серғали Рысбеков қатысты.

 

Ант қабылдап, салтанатты шерумен өткен жас сарбаздар қару-жарақпен саптық тәсілдер, дефиле және армиялық қоян-қолтық ұрысты көрсетті. Осының бәрін олар әскери бөлімге келгелі бір ай көлемінде үйренген болатын.

 

Бқлімге келіген барлық шақырылушылар екі апталық карантин кезінде арнайы жабдықталған казармалық үй-жайларда тұрды. Олар жас жауынгердің курсына коронавирустық инфекцияны анықтайтын ПТР-тест тапсырғаннан кейін кірісті.

 

Алдағы уақытта жас сарбаздар жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда мамандық бойынша қарқынды дайындық курстарынан, штаттық қаруды, әскери және арнайы техниканы теориялық және практикалық зерделеуден өтеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.