Ардагердің ғасырлық мерейтойы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелейтін жылы ардагер Халел Атантаев 100 жасқа толды. Шымкент гарнизонының әскери қызметшілері бұл күні ардагерді ғасырлық мерейтойымен ерекше құттықтады.

 

Біздің есімізде, біз мақтан тұтамыз! Әлемде ешкім де бізден жеңіс қуанышын майданда және тылда ерліктерімен елімізді, болашағымызды, балаларымызды құтқарған адамдар үшін мақтаныш сезімін алып қоя алмайды!

Ардагердің туған күніне орай әскери қызметшілер әскери оркестрдің қатысуымен үйінің ауласында соғыс жылдарының әуендерін орындап, керемет мереке дайындады. Ал «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатарындағы жас патриоттар саптық дайындықта өз шеберліктерін көрсетті.

Қонақтарды қабылдай отырып, ардагер барлық әскери қызметшілерге құттықтаулары мен қамқорлықтары үшін алғысын білдірді, сондай-ақ әскери мамандықтың тыныс-тіршілігі туралы жақсы білетінін атап өтті және барлық Отан қорғаушыларға қызметтеріне табыс тіледі.

Халел Атантаев 1920 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 18 жасында Орта Азия университетінің география факультетінің студенті ретінде Қызыл Армия қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында 26 танк бригадасының құрамында фин, поляк, украин және жапон бағыттарындағы ұрыс қимылдарына қатысты. Соғыс аяқталғаннан кейін капитан Атантаев 1950 жылға дейін Украина мен Молдовадағы бендеров бандаларын жоюға қатысты.

«Қызыл жұлдыз» және II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» және тағы басқа медальдармен марапатталған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.