Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты: Билік қазір ебін таба алмай жатыр

Жағымпаздықтың үш түрі болады. Бірінші түрі – бір бастыққа жағыну. Соған жағынып, көңілінен шығып, бір жақсы орын алу. Сөйтіп, пайда табу, служебный машина міну, тендер ойнату дегендер болу мүмкін.

Екінші жағымпаздық – байға жағыну. Соның көңілінен шығып, анекдот айтып күлдіресің бе, көкейіндегі нәрсені айтасың ба, әйтеуір бірдеңе қылып, жаңағыдан бес-он теңгені қағып қалу.

Үшінші бір жағыну бар. Қорқынышты жағыну. Ол – көпке жағыну. Көптің көңілінен шығамын деп, оның зиянына сөз айту. Көп эмоцияға беріліп кетеді. Өйткені Абай айтпақшы Сократқа у берген, Исаны дарға асқан, Мұхаммед (салаАллаһу әлейһи уә сәләм) пайғамбарды түйенің жемтігіне көмген кім дейді? Көп дейді. «Ебін тап та, жөнге сал». Билік қазір ебін таба алмай жатыр. Ал қазір билікті сынау керек болса, біздің қазіргі кей шенеуніктердің жасап жатқан қадамдары сатқындық, я зұлымдық.

malim.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.