Балғынбек Имашев, айтыскер ақын:… діні мәнсіз, ділі жансыз біздің жағдайымыз қандай аянышты?

Қазір билікті жамандасаң батыр, ымыраға, сабырға шақырсаң сектант, жақсылықты айтсаң жағымпаз, мемлекетшіл болсаң “нұрбот” деп айдар тағатын, “екі ұртының бірі май, бірі қан боп”, жақсы менен жаманды айыра алмау былай тұрсын, жақсыға күйе жаққан, жаманды жоғары шығарған, ұятсыздықты “өркениет”, ар сақтағанды “адасушы” деп айыптаған ақырзаман алдындағы аласапыран кезең ғой.

Билігі әлсіз, бишікеші арсыз, халқы қамсыз, идеологиясы нәрсіз, тілі дәмсіз, діні мәнсіз, ділі жансыз біздің жағдайымыз қандай аянышты?

Енді, қайтіп ел боламыз? Шынымен құздан құлауға жақын қалдық па?

Жоқ! Ел боламыз! Үмітсіз – шайтан!

Қиын, әрине! Бірақ, қолға алсақ, бәрі болады!

Баяғыда тарыдай шашыраған қазақ­пыз. Ол кезде қызыл өкімет қырғын сал­ған, елге, тілге, дінге, салт-дәстүрге қауіп төнгенде туған топырағынан ел ауған, шет жерге, жат елге барып бас сауғалаған. Қазір ше? Тәуелсіз Ота­ны­ның болашағын бұлыңғыр көріп, ер­те­ңі­нен үміт үзген ел көп. Билікке сен­бей­тін, жемқорлыққа тойған, төреден көңі­лі қалған, несиеден шаршаған ел әйт десең, атамекенін тастап кез-келген «өрке­ниетті» елге көшкелі отыр. Осы сәтте елдің Еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениеттің майталмандары, оның ішін­де дәстүрлі өнердің қаймақтары ше­тел­дің «жұмақ мекенін» жарнамалауы дос­тық­тан гөрі қастыққа, жанашырлықтан гөрі жаулыққа жақын. Кейде тіпті, жақ­сы мақсатпен жасалған іс, өлшемей сөйле­­ген сөз Отаның үшін қауіпті болып жатады.

alashainasy.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.