ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

«9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қоғам белсенділерін марапаттады.
Іс-шараға өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға үлес қосқан азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қалалық/аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшылары, арнайы мониторингтік топ және ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері, «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджерлері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары қатысты.
Жиынның мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлес қосқан азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттау, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру арқылы осы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту.
Іс шара Қазақстан Републикасының әнұранымен басталып, жыл бойы Департаментпен атқарылған жұмыстар аясында арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.
Жиында алғашқы сөз сөйлеген Департамент басшысы Хаким Көшқалиев өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен облыс көлемінде әлеуметтік дертке қарсы саясаттың іске асырылуы аясында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Келесі кезекте Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков аудан деңгейінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, ашықтықты қамтамасыз ету және адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараның бағдарламасы аясында сөз алған Түркістан облыстық арнайы мониторингтік топ мүшесі Акбаян Жакипова сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда қоғамдық бақылау орнатудың, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу барысында қоғам белсенділерінің орны ерекше екендігіне тоқталып өтті
Сондай-ақ, киелі өңірде жемқорлық деңгейін төмендету бағытында әрі қарай бірлесіп нәтижелі жұмыстар жүргізетініне сенім білдірді.
Хаким Дүйсешұлы шара соңында сыбайлас жемқорлықпен күресуде белсенділік танытқан азаматтарға алғыс білдіріп, түрлі номинациялар бойынша арнайы алғыс хаттар мен грамоталарды, дипломдарды табыстады.
Жиын соңында Департамент қызметкерлерінің қатысуымен түсірілген «1424» көркем фильмінің кезекті көрсетілімі жиынға қатысушылар назарына ұсынылып, көрермен көңіліне терең ой салды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.