ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 900 ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖАҢҒАҚ ӨНІМІ ЖИНАЛДЫ

Түлкібас ауданында соңғы 3 жылдың көлемінде жаңғақ шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Әдетте жаңғақ ағашы облыстың барлық өңірінде өсе бермейді. Түлкібас, Төлеби, Сайрам және Қазығұрт аудандарының тау бөктерінде және үйіргелік жерлерінде өседі. Түлкібас ауданының аумағында жаңғақ ағаштарын өсіріп, одан өнім алумен осы мерзімге дейін үй іргелік жерлерде ғана айналысып келген. Соңғы үш жылда ауданда 382 гектар жерге жаңғақ ағашының көшеттері отырғызылған.

   Айта кетерлігі, аймақ бойынша биыл жаңғақ дақылынан 866 тонна өнім жиналып отыр. Кәсіпкерлер аудандық орталық базар жанынан қабылдау пунктерін ашып, сапасына қарай келісін 400-700 теңгеден сатып алуда. Кейін өнімді қайта өндеуден өткізіп, қабығынан ажыратып облысымыздың ірі сауда орталықтары мен кондитерлік цехтарға немесе басқа өңірлерге келісін 1400-1800 теңгеден саудалауда.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.