Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкент: “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Республика аумағында 15 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында жаңа жылдық мереке кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрі заңсыз айналымдағы сертификатталмаған пиротехникалық заттарды тәркілеуге бағытталған “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері бірлесіп, рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Профилактикалық шара басталғалы тәртіп сақшылары пиротехниканы сақтау, тасымалдау мен пайдалану тәртібін бұзған және сертификатталмаған пиротехникалық өнімді сатқаны үшін 12 азаматты жауапкершілікке тартты. Олардан жалпы 89 пиротехникалық бұйымдар тәркіленген.
Полиция департаменті пиротехникалық бұйымдарды тиісті лицензиясы мен рұқсаты жоқ тұлғалардың ашық павильондарда, автомобильдерде, шатырларда, өтпелерде сатуына қатаң тыйым салынғаны туралы ескертеді. Сондай-ақ полицейлер мұндай фактілер анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ IV АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛДЫ

admin

«ТҮРКІСТАН-ШЫМКЕНТ» ЖЕДЕЛ ПОЙЫЗЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

admin

«ЖАҢАРҒАН ТҮРКІСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФУТБОЛ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

admin